04.12.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Дирижерлеу, дауыс қою және концертмейстерлер» ЦӘК-тің Ашық апталығы аясында Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған іс-шара өтті. Дауысты қою пәнінің оқытушылары Қадірберлина Р.М., Ермухамбетов Е.Б. және музыкалық бөлімнің студенттері жасанды интеллектті қолдана отырып, Абай шығармашылығына арналған бейнеролик дайындап, Абай Құнанбайұлының шығармаларынан музыкалық нөмірлер ұсынды. Іс-шара қазақ музыкалық мәдениетін өскелең ұрпақ арасында насихаттауға, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының өнері мен шығармашылығына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етті.