01.12.2025 ж. Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Дирижерлеу, дауыс қою және концертмейстерлер» ЦӘК-тің Ашық апталығы аясында «Үздік хормейстер» байқауы өтті. Байқауға «Музыкалық білім беру» бөлімінің 4-курс студенттері қатысып, дирижерлік шеберліктерін, техникалық дағдыларын, шығармашылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті. Шара студенттердің кәсіби практикаға дайындығын арттырып, қорытынды аттестаттауға жүйелі түрде дайындалуына серпін берді.