01.12.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде «Дирижерлеу, дауыс қою және концертмейстерлер» ЦӘК-тің Ашық апталығы салтанатты түрде басталды. Апталық Абай Құнанбаевтың 180 жылдығына арналған «Жас вокалист» конкурсының өткізілуімен ашылды. Байқауға «Музыкалық білім беру» бөлімінің 2, 3, 4 курс студенттері қатысып, қазақ және әлемдік вокал өнерінің классикалық туындыларын орындап, өздерінің дауыс мүмкіндігін, сахналық мәдениетін және кәсіби дайындық деңгейін көрсетті. Қазылар алқасы студенттердің орындаушылық шеберлігін, музыкалық сауаттылығын және көркемдік бейнелеу мүмкіндігін бағалады. Шара жас вокалистердің шығармашылық әлеуетін дамытуға, өнерге деген қызығушылығын арттыруға бағытталды.