27.11.2025 ж.күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінде Жігер студенттік парламентінің ұйымдастыруымен «Жүргізушілер шоу-бағдарламалар» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – студенттердің сахна мәдениетін, шешендік қабілетін дамыту, жылдам ойлау мен шығармашылық импровизация дағдыларын жетілдіру.
Байқау екі кезеңнен тұрды:
1-кезең – дайын мәтінді мәнерлеп оқу;
2-кезең – қызықты тапсырмаларды орындау, жағдаяттарды шешу және импровизация жасау.
Жүлделі орын иегерлері жыл бойы колледждің түрлі іс-шараларында жүргізуші болу мүмкіндігіне ие болды.
Қатысушыларға алдағы жұмыстарына шығармашылық шабыт, биік белестер және жарқын жетістіктер тілейміз!
Сахнада әрдайым сенімді, сөздеріңіз нық, ойларыңыз ұшқыр болсын!