24.11.2025 ж. күні Қарағанды жоғары гуманитарлық колледжінің "Көркем еңбек" бөлімінің 4 курс студенттерінің "Мектептегі байқау сабақтары"практикасы бойынша қорытынды есеп беру конференциясы өтті.
Студенттер тәжірибе барысында колледжде оқыту әдістемесі бойынша алған білімдерін тәжірибеде жүзеге асырып, әдістер мен тәсілдерді тиімді қолданғанын, оқушылармен қарым-қатынас жасап, кездескен қиындықтарды жеңе алғанын айтты. Бұл студенттерге болашақ мамандығына деген қызығушылықты тереңдетуге, ертеңгі мұғалім мен тәлімгер сияқты өзіне деген сенімділікті арттыруға мүмкіндік берді.